Жаңалықтар
«Алматы жастары» бағдарламасы аясында 3400 жастың өтініші мақұлданды
- авторСадуақас Айсұлу
- 22 сәуір, 2025
- 375
Құжат қабылдау биыл 14-26 наурыз аралығында өтті.
Барлығы 6600-ден аса өтінім түскен, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іріктеуден өткен 3400-ден аса қатысушы банкке жолдама алды. Олардың арасында білім, денсаулық сақтау, жұмыс істейтін жастар, республикалық мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен басқа да саланың мамандары бар.
«Алматы жастары» бағдарламасы:
Ең жоғары несие сома – 20 млн теңгеге дейін;
Жылдық пайыздық мөлшерлеме – 5%;
Бастапқы жарна – 10%-дан аспайды.
Төлем қабілетін растау үшін банкке жолдама алғандар 15 жұмыс күні ішінде қаржы ұйымына хабарласуы керек. Төлем қабілеті расталған жағдайда, қатысушылар 45 күн ішінде жаңа немесе нарықтағы екінші деңгейлі тұрғын үйді таңдай алады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мысырда алаяқтыққа қатысы бар қазақстандық азамат қолға түсті
- авторАрайлы Жақсылық
- 25 шілде, 2025
Жаңалықтар
ТЖМ Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақты іздестіруде
- авторАрайлы Жақсылық
- 25 шілде, 2025