Жаңалықтар
Алматыда 14 жастағы жеткіншек 11 жастағы ұлды зорлаған
- авторjambylinfo.kz
- 10 желтоқсан, 2022
- 280
Алматыда 14 жастағы жеткіншек 11 жастағы ұлды зорлаған
Алматыда 14 жастағы ұл далада ойнап жүрген 11 жастағы ұлды зорлаған. Енді жәбірленушінің ата-анасы құқық қорғау органдарынан оған қорлық көрсеткен жеткіншектің жазалануын талап етіп отыр.
Негізі бұл оқиға 11 шілдеде болған. Содан бері жәбірленген баланы ата-анасы психотерапевт пен емшілерге апарып жүр. Өйткені ол әлі күнге дейін дәретке дұрыс отыра алмайды екен. Сондай-ақ аулаға шығып, ойнауға үрейленіп қалған.
Заңгерлердің айтуынша, қылмыс жасаған бала кәмелетке толмағандықтан оған ешқандай шара қолданылмайды. Тек ата-анасына ғана айппұл салынуы мүмкін.
Өкінішке қарай, қазір мұндай жағдайлар көбейіп кетті. Олар заңнамалық деңгейде шешілуі қажет. Ата-аналарға көпшілікке жетіп, бұндайды тоқтату үшін тек БАҚ-тың көмегіне жүгінуге тура келеді.Бұзақылардың ата-аналары «Неке және отбасы туралы» заң бойынша белігілі бір жауапқа тартылады, бірақ олар өздерінің балалары үшін толық жауапкершілік алып, жазаланбайды», - дейді заңгер Айнара Айдарханова.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне қанша сыйақы беріледі?
- авторjambylinfo.kz
- 15 қаңтар, 2025