Алматыда 14 жастағы жеткіншек 11 жастағы ұлды зорлаған
Алматыда 14 жастағы жеткіншек 11 жастағы ұлды зорлаған
Алматыда 14 жастағы ұл далада ойнап жүрген 11 жастағы ұлды зорлаған. Енді жәбірленушінің ата-анасы құқық қорғау органдарынан оған қорлық көрсеткен жеткіншектің жазалануын талап етіп отыр. Негізі бұл оқиға 11 шілдеде болған. Содан бері жәбірленген баланы ата-анасы психотерапевт пен емшілерге апарып жүр. Өйткені ол әлі күнге дейін дәретке дұрыс отыра алмайды екен. Сондай-ақ аулаға шығып, ойнауға үрейленіп қалған. Заңгерлердің айтуынша, қылмыс жасаған бала кәмелетке толмағандықтан оған ешқандай шара қолданылмайды. Тек ата-анасына ғана айппұл салынуы мүмкін.
Бұзақылардың ата-аналары «Неке және отбасы туралы» заң бойынша белігілі бір жауапқа тартылады, бірақ олар өздерінің балалары үшін толық жауапкершілік алып, жазаланбайды», - дейді заңгер Айнара Айдарханова.