
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді
ТЖМ 8 қарашада араға бірнеше минут салып бірден үш рет жер сілкінгенін анықтады.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін 8 қарашада араға бірнеше минут салып бірден үш рет жер сілкінгенін анықтады.
Бүгін 00:09 кезінде Алматы мен қала маңында 2 балдық жер сілкінісі тіркеді.
Табиғат апаты Қытайда болса да, оның күші Алматы қаласында, Шалкөде, Ұзынбұлақ, Көкпек ауылдарында 2 балл көлемінде сезілді.
Содан кейін Алматы уақытымен 00:15 және 00:52 кезінде тағы екі мәрте зілзала болды.
Алғашқысының ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 313 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты — 11.6. MPV магнитудасы — 5.2. Тереңдігі — 15 шақырым.
Ең соңғы сілкіністің ошағы да Алматыдан оңтүстікке қарай 311 шақырым жерде Қытайда орналасқан.
Энергетикалық санаты — 11.6. MPV магнитудасы — 5.3. Тереңдігі — 15 шақырым.
Соңғы екі зілзала Қазақстан аумағында сезілген жоқ.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала