Алматыда 5000-нан астам адам Абай әндерін орындады
- авторjambylinfo.kz
- 22 наурыз, 2025
- 388

Алматыда 5000-нан астам адам Наурыз мейрамын атап өтіп қана қоймай, ұлы ақын, философ және ағартушы Абайдың 180 жылдығына орай оның шығармаларын орындады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Таңғы сағат 9:00-де Абай даңғылы бойында – аттас алаңнан Назарбаев даңғылына дейін мыңдаған адам жиналды. Олардың қатарында Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының әртістері, Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының болашақ музыканттары, танымал вокалистер, қала тұрғындары мен қонақтары болды.
Сағат 10:00-де Алматы аспанында Абайдың өшпес мұрасын дәріптеген әуендер шарықтады. Мыңдаған адам бір мезетте «Көзімнің қарасы» мен «Желсіз түнде жарық ай» әндерін шырқады. Бұл жай ғана музыкалық орындау емес, мәдени мұраға деген терең тағзым, рухани сабақтастықтың көрінісі болды. Хор ретінде шырқалған әндер бірлік пен жаңару символына айналып, Наурыз мейрамының шынайы рухын сезінуге мүмкіндік берді.
Мерекелік шара Республика сарайының алдындағы алаңда жалғасын тапты. «Жаңа ғасыр» театрының қойылымы мен әртүрлі өнер бағыттарының өкілдері өз өнерін көрсетті. Бағдарламаның ерекше сәнін «Алатау» дәстүрлі өнер театрының орындаушылары келтірді. Олардың өнері өткен мен бүгінді жалғап, ұлттық мәдениеттің қайнарынан қуат алуға шақырды.
Бүгінгі концерттік бағдарламада Steppe Sons тобы, Жамиля Серкебаева, Tumar, Ұлы дала қыздары, Жұмыр қылыш, ILIGAI ансамбльдері, MuzArt Life дуэті, Aldaspan тобы, сондай-ақ Бибігүл Қилымхан, Диас Мұратхан, Сандуғаш Стамғазиева, Тілек Базаров, Марал Анарбек, Қайратбек Бектұрсын және басқа да өнерпаздар сахнаға шығады.
Бұл күні Абай алаңы нағыз мәдениет ордасына айналды. Мұнда ұлттық нақыштағы фотозоналар мен инсталляциялар қойылып, домбыра үні мен қазақ тағамдарының хош иісі мерекелік атмосфераны толықтырды. Достар, отбасылар, түрлі буын өкілдері осы жерде бас қосып, ортақ құндылықтар төңірегінде бірікті. Бұл – өз мәдениетіне, түп тамырына деген сүйіспеншілікті білдіретін, жаңа өмір мен үміт әкелетін көктемнің нағыз мерекесі еді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Петропавл әкімі: Саяжайларды су басса, өтемақы төленбейді
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025
Ақтөбе облысында полицейдің салғырттығы адам жарақатына себеп болды
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025