Жаңалықтар
Алматыда 6,5 млн теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 12 мамыр, 2024
- 614
Ол 189 рет жол ережесін бұзған
Алматы полициясы 6,5 млн теңгеден астам айыппұлы бар шетелдік көлік жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Polisia.kz мәлімдегендей,, 189 рет жол ережесін бұзып, 6,5 миллион теңгеден астам айыппұл арқалаған азамат анықталды. Әкімшілік айыппұлдары төленбеген көлік тізгінін ұстаған жүргізушілерді анықтаумен айналысатын жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірлері бар Zeekr автокөлігін тоқтатты.
- Аталған көлік Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында тоқтатылды. Айыппұл бойынша берешек сомасы 6 миллион 696 мың теңгені құрады. Бұл негізінен жылдамдықты асыру, қоғамдық көлік жолағына шығып кету және белгілеу ережелерін бұзу салдарынан жиналған айыппұл. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Полицейлер азаматтарға жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ұсынады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз