Жаңалықтар
Алматыда 80 млн теңгенің электронды темекісі заңсыз саудаланбақ болған
- авторjambylinfo.kz
- 24 тамыз, 2023
- 468
Алматыда 80 млн теңгенің электронды темекісі заңсыз саудаланбақ болған
Алматыда көтерме саудада электронды темекіні (вейп) заңсыз өткізудің жолы кесілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ulysmedia.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мегаполисте электронды темекіні көтерме саудада заңсыз өткізуге арналған сауда және қойма ғимараттары анықталды.
Тінту кезінде жалпы сомасы 80 млн теңгеден асатын 55 мыңнан астам электронды темекі табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ҚМА мәліметінде.
ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы алға тартылып, өзге мәліметтер жария етілмеді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






