Алматыда 90 жастағы әжеге жеке куәлік үйінде рәсімделді
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 маусым, 2025
- 523
Алматыда 90 жастағы әжеге жеке куәлік үйінде рәсімделді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz polisia.kz сілтеме жасап.
Almaty қаласында көші-қон қызметі азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыру бағытында белсенді жұмыстар атқаруда. Соның айғағы - жасы 90-ға келген кейуананың құжатын үйіне барып рәсімдеу арқылы көрсетілген қамқорлық.
Жуырда Алматы қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы денсаулығына байланысты Халыққа қызмет көрсету орталығына бара алмайтын зейнеткердің үйіне арнайы барып, жеке куәлікті рәсімдеп, өз қолымен табыстады.
Қарт ананың туыстары электронды үкімет порталы арқылы өтініш жолдап, ерекше жағдайды хабардар еткен. Өтінішке жедел ден қойған көші-қон қызметі мамандары құжаттандыру үдерісін азаматтың тұрғылықты мекенжайында жүзеге асырды.
Аға буын өкілдеріне құрмет пен қамқорлық көрсету – біздің азаматтық әрі қызметтік міндетіміз. Жасы мен денсаулығына қарамастан, әрбір азамат жеке құжатына қол жеткізуге құқылы. Біз осы бағытта жан-жақты қолдау көрсетуге әрдайым әзірміз. Қарт ананың үйіне барып, ыңғайлы жағдайда жеке куәлігін тапсыру – осы ұстанымымыздың нақты көрінісі, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






