Жаңалықтар

Алматыда 90 жастағы әжеге жеке куәлік үйінде рәсімделді

The final spritzer

Бұл оқиға - мемлекеттік қызметтерді халыққа барынша жақын етуді көздейтін бастамалардың нақты іс жүзіндегі нәтижесі екенінің дәлелі.

Алматыда 90 жастағы әжеге жеке куәлік үйінде рәсімделді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz polisia.kz сілтеме жасап. 

Almaty қаласында көші-қон қызметі азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыру бағытында белсенді жұмыстар атқаруда. Соның айғағы - жасы 90-ға келген кейуананың құжатын үйіне барып рәсімдеу арқылы көрсетілген қамқорлық.

Жуырда Алматы қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы денсаулығына байланысты Халыққа қызмет көрсету орталығына бара алмайтын зейнеткердің үйіне арнайы барып, жеке куәлікті рәсімдеп, өз қолымен табыстады.

Қарт ананың туыстары электронды үкімет порталы арқылы өтініш жолдап, ерекше жағдайды хабардар еткен. Өтінішке жедел ден қойған көші-қон қызметі мамандары құжаттандыру үдерісін азаматтың тұрғылықты мекенжайында жүзеге асырды.