жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды

Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды
ашық дереккөзі
Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды
Ағымдағы жылдың 6 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Өзіндік қауіпсіздік департаменті Алматы қаласы ПД ӘПБ арнайы батальонының қызметкерлерімен бірлесіп, жолда жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмау мақсатында өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қазіргі қызметкері ретінде таныстырған 1987 жылы туған азамат Ұлан Райды әшкереледі. Құжаттарды тексеру барысында құқық бұзушы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін көрсеткен. Аталған азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметтік куәліктерді қолдан жасау ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынына назар аударады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар