Жаңалықтар

Алматыда белгілі қазақстандық және кеңестік спортшы іздестірілуде

Алматыда белгілі қазақстандық және кеңестік спортшы іздестірілуде

"Қоғам" жедел әрекет ету жасағының өкілдері Instagram-профилінде Алматыда танымал спортшының жоғалып кеткені туралы ақпаратты жариялады. Ер адам 14 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, оралмаған. Оның басында сұр қалпақ, үстінде капюшоны бар көк күрте, ақ жемпір, қара джинсы болған. Нұрқазовтың шашы ақ және сақалы бар екені айтылады. Алматы қалалық ПБ өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне қазіргі уақытта Медеу ауданының полиция басқармасы осы факт бойынша іздестіру ісін жүргізіп жатқанын хабарлады.