Жаңалықтар

Алматыда биік үйдің терезесін жуған жігіт әлеуметтік желі жұлдызына айналды

Алматыда биік үйдің терезесін жуған жігіт әлеуметтік желі жұлдызына айналды

Әлеуметтік желілерде терезе жуған жігіттің бейне ролигі млн қаралым жинады. Жұмыс барысында бала мен қарияға көңіл бөлген Біржан Омармен Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі хабарласты деп хабарлайды Jambylinfo.kz .

Белгілі болғандай, жас жігіт альпинизммен айналысады. Сол себептен бұл жұмыс оған қиынға соқпайтын айтты.

 width=

Жас жігіттің батылдығына блогер Дана Есеева тәнті болып, өз парақшасына бөліскен. Сондай-ақ “Жақсы адамдармен табысайықшы” деген жазба қалдырған. Бейнеролик бір миллион қаралым жинап, мыңдаған адам пікір қалдырған.

Көпшіліктің ықыласына бөленген жігіт осыған дейін терезе жанында тұрған баланың өміріне де араша түскен.

Біржан - Жамбыл облысының тумасы. Оның жасы 27-де. Қазіргі уақытта ол еліміздің әр өңірінде жұмыс істейді.