Бүгін Алматы қаласында көрнекті опера әншісі, актер, педагог Ермек Серкебаевқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
«Ермек Серкебаев – сирек кездесетін талант иесі, кәсіби шеберлігі жоғары музыкант. Ол миллиондаған өнер сүйер көрерменнің шынайы махаббатына бөленді. Бүгінгі қазақ операсын Ермек Серкебаевсыз елестету қиын. Оның ғибратты ғұмыры – мәдениетіміздің тарихындағытұтас бір тарау. Көпшілік білмеуі мүмкін, бірақ ол қоғамдық-саяси өмірде де белсенділік танытып, Тәуелсіздігіміздің қалыптасуы мен нығаюына зорүлес қосты. Сонымен қатар, Ермек Бекмұхамедұлыдарынды музыканттар әулетінің негізін қалады. Балалары мен немерелері оның ісін лайықтыжалғастырып, қазақ өнерін әлемнің әр түкпіріндедәріптеуде», – делінген министрліктің хабарламасында.
Ескерткіш Абылай хан даңғылының бойында, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттікакадемиялық халық аспаптары оркестрі ғимаратының алдында орнатылған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
ҚМДБ квадроберлердің әрекеттеріне қатысты үкім шығарды
Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






