Жаңалықтар

Алматыда химиялық заттан уланған төрт бала ауруханаға түсті

Алматыда химиялық заттан уланған төрт бала ауруханаға түсті

Алматыда химиялық заттан уланған төрт бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды Жамбыл инфо, KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, 11 шілдеде химиялық уланумен төрт бала "Балаларға шұғыл медициналық жәрдем" орталығына жеткізілген. "Олар БШМЖО-ның токсикология бөлімінде ем алуда. Жағдайлары орташа дәрежеде", - дейді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан. Zakon.kz-тің хабарлауынша, улану дерегі балалар жарысқа қатысу үшін орналасқан Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде тіркелген. Басылым ол жерде дезинсекция жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.