дүйсенбі, 25 қараша, 2024 20:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда ірі көлемде дезинфекциялық заттарды заңсыз дайындау дерегі анықталды

Алматыда ірі көлемде дезинфекциялық заттарды заңсыз дайындау дерегі анықталды
ашық дереккөзі
Алматыда ірі көлемде дезинфекциялық заттарды заңсыз дайындау дерегі анықталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті мамандары ірі көлемде «Септохим» маркалы контрафактілік дезинфекциялық заттарды заңсыз дайындау және сату дерегін анықтады, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. «Жедел іздестіру шаралары барысында аталған өнімді заңсыз өндірген тұлғалар ұсталып, кәсіпорынның кеңсесі мен өндірістік цехы анықталды. Іздестіру шаралары нәтижесінде әрқайсысының сыйымдылығы 5 литрлік 300-ден астам бөтелке табылып, тәркіленді. Заңсыз өндірілген және өткізілген контрафактілік «Септохим» маркалы дезинфекциялық заттардан келтірілген материалдық залалдың сомасы 20 млн теңгеден асады», - деп жазды ведомстводан. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар