дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 14:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда әскери қызметшілер Аналар кеңесі және Ақсақалдар кеңесінің өкілдерімен кездесті

Таразда әскери қызметшілер Аналар кеңесі және Ақсақалдар кеңесінің өкілдерімен кездесті
Сурет:видеодан скрин
Кездесуде «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбы көтеріліп, республикалық «Салауатты сана» жобасы таныстырылды

Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінің офицерлері және әскери қызметшілері облыстық ҚХА Аналар кеңесі және Ақсақалдар кеңесінің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Кездесуде «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбы көтеріліп, республикалық «Салауатты сана» жобасы таныстырылды.

Өңірлік әскери бөлімдермен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында өткен шарада Жамбыл облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілханов, Республикалық, Дүнгендер этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің жетекшісі, облыстық ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Сара Даузова мен «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» РҚБ Жамбыл облысы филиалының төрайымы Фарида Нақыш жастар арасындағы түрлі әлеуметтік кеселдермен күресу туралы сөз қозғады.

Асқарбек Ақылшаұлы «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбы турасында кеңінен ой қозғады. Елдің ертеңіне сеніммен қарау үшін бүгінгі ұрпаққа өте жақсы тәрбие беру, табанды, талапты болуларына баса мән беру керектігі айтылды. Адал азаматтар қоғамның, елдің айнасы болып қана қоймай, ұрпақ санасына бағыты түзу, жарық сәуле сыйлайтынын жеткізді. Бұл жөнінде Президент «Адал азамат дегеніміз — жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам".Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам "Адал азамат" деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды»,- деген еді. Ал, Сара Манкизқызы ҚР Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзі негізіндегі қауіпсіз өмір сүру үшін арылу керек әлеуметтік кеселдермен күресу туралы берген тапсырмасына сай ҚХА Аналар кеңесінің жасақтаған «Салауатты сана» жобасын таныстырды.

Жастарды буллинг, суицид секілді дүниелерден аулақ болу керектігін алға тартып, сау сана, салауатты қоғам құру қажеттігіне тоқталды.Ел егемендігі мен патриотизм тақырыбы да аталған кездесудің арқауына айналды. Бұл туралы өз ойын білдірген Фарида Фаридовна «Отаны бірдің –жүрегі бір» дей келе, ынтымақ пен бірліктің алтын қазығына айналған байтақ елдің бәсі биік болу үшін барымызды салуымыз керек деген тоқтам жасады.

Жиын соңында кездесуге қатысқан ҚХА өкілдері Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 5513 әскери бөлімінің командирі полковник Ғазиз Кәдірбектің Алғыс хаттарымен марапатталып, естелік суреттерге түсті.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар