Алматыда "L-Капитал" компаниясының негізін қалаушы ұсталды
Алматыда "L-Капитал" компаниясының негізін қалаушы ұсталды
Алматы полицейлері "L-Капитал" компаниясының негізін қалаушыны ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қаласының ПД Тергеу басқармасының мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1962 жылы туған азаматша ұсталды. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 50 адам жәбірленуші ретінде танылған. Көбі акция сатып алу үшін пәтерлері мен автомобильдерін сатқан. Компания бағалы қағаз жыл сайын 30 пайыз пайда әкеледі деп уәде берген.