Жаңалықтар

Алматыда мектепке тапанша әкелген оқушы сыныптасын атып жіберді

Алматыда мектепке тапанша әкелген оқушы сыныптасын атып жіберді

Алматыда мектеп оқушысы сыныптасын атып жіберді. Тапанша әкелген оқушы парталасының тура көзінен дәлдеген, деп хабарлайды Жамбылинфо Uysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Оқиға Томирис ықшам ауданында былтыр ғана ашылған жаңа мектепте болды. № 205 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушыларының арасында орын алған. Оқушылар арасындағы кижілжіңнің не үшін шыққаны белгісіз. Бірақ тапанша атылғанда сыныпта мұғалім болмаған. Ерегестен Т.Ж есімді бала жеңіл жарақат алған. Оқиғаның болғанын сынып жетекшісі растады.

Мұғалімнің сөзінше, тапанша ойыншық болған. Бірақ салмақты, ауыр тапаншадан қандай оқтың атылғаны да белгісіз. Жарақат алған бала дәлізге жүгіріп шығып, көмек сұраған.

Мектеп директоры оқиғаны жасырып, өзара жылы жауып қойған. Оқыс оқиғадан қалалық Білім басқармасы хабарсыз болып шықты. Ал қалалық полиция бұл жайтқа қатысты мәселені анықтайтындықтарын жеткізді.