Жаңалықтар

Алматыда мемлекеттік мекемелердің жұмыс уақыты өзгерді

The final spritzer

Енді өңірдің мемлекеттік және әлеуметтік мекемелері таңғы 08:00-ден кешкі 17:30-ға дейін жұмыс істейді.

Алматы облысы әкімдігі тұрғындарға үндеу жасап, мемлекеттік мекемелерде жұмыс уақыты өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  almobl_akimat сілтеме жасап.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, енді мемлекеттік мекеменің жұмыс уақыты таңғы сағат 08:00-де басталып, кешкі сағат 17:30-да аяқталады. Ал түскі үзіліс – сағат 12:30-14:00 аралығында.