Жаңалықтар

Алматыда нөсер жауды

Алматыда нөсер жауды

Жауын-шашын сағат 7:00-де басталды. Түске дейін жауады деп болжанып отыр. Коммуналдық кәсіпорындар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 45 патрульдік топ пен арнайы техника жұмылдырылды. 1750 құм салынған қап дайындалды, деп хабарлады коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.