дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 0:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда оқушыларды Ресей патриотизмі жайлы фильмге апарған мектеп директорына сөгіс жарияланды

Алматыда оқушыларды Ресей патриотизмі жайлы фильмге апарған мектеп директорына сөгіс жарияланды
ашық дереккөзі
Алматыда оқушыларды Ресей патриотизмі жайлы фильмге апарған мектеп директорына сөгіс жарияланды
7 желтоқсанда Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрында оқушыларға «Россия. Нам 30 лет» атты деректі фильм көрсетілген. Бұл фильмді көруге Алматы қаласындағы №132 гимназияның 8б және 8в сынып оқушылары барған. Ал оқушыларды фильмге апарған – гимназия директоры. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы Руслан Түсіпбек жазды. Фильм Еуразия DOC фестивалі аясында көрсетілген. Іс-шараның демеушісі – Россотрудничество агенттігі. Тіпті, фестивальде агенттік басшысының орынбасары Павел Шевцов жүр. Фильмде Ресейдің Қырымды аннексиялағанын қуаттап, қолдайтыны жайлы кейіпкерлердің аузымен айтылған. Деректі фильм Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрында көрсетілген. «№132 гимназия директорына сөгіс жарияланған. Бірақ бұл аздық етеді. Оны және Алматы қаласы білім басқармасының басшысын алдымен қызметінен босату керек. Мемлекеттік органдарды бұл жағдайға бей-жай қарамай, қатаң шешім қабылдауға шақырамын. Кінәлілердің бәрін жауапқа тарту керек. Фестивальді тоқтату керек және Россотрудничество агенттігінің кез келген бастамасынан бас тарту керек. Біз Ресейдің провинциясы емеспіз», - деп жазды Руслан Түсіпбек. Ал, 20 жылдан астам уақыт киноклубқа жетекшілік етіп келе жатқан Олег Борецкий «Цезарь» кинотеатрында болған жағдайға еш қатысы жоғын айтқан.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар