дүйсенбі, 7 қазан, 2024 22:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда оқушыларды тонап кеткен үш күдікті ұсталды

Алматыда оқушыларды тонап кеткен үш күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Алматыда оқушыларды тонап кеткен үш күдікті ұсталды
Алматыда үш адам жасөспірімдерді тонап кеткен, деп хабарлайды Jambylinfo ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бір жарым сағаттың ішінде үш ер адам Наурызбай ауданының аумағында екі қылмыс жасаған. «Алдымен, олар сағат 15:00 шамасында мектептен қайтып келе жатқан үш балаға шабуыл жасады. Олар кәмелетке толмағандардың ұялы телефондары мен ақшасын ашық түрде иемденіп алған. Арада бір жарым сағат өткен соң күдіктілер 41 жастағы ер адамды тонап кетті. Бұл жолы олар жәбірленушінің ұялы телефоны мен құжаттарын алып қойған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер дереу ұсталды. Олардың жасы – 24-34 аралығында», - деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев. Полиция өкілінің айтуынша, күдіктілер өз кінәсін мойындады. Аталған деректер бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес тіркелді. Ұялы телефон, құжаттар айғақты зат ретінде тәркіленді және іс материалдарына тіркелді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар