Алматыда SIM KIDS жобасы ресми түрде іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 маусым, 2025
- 693
Алматыда SIM KIDS жобасы ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бас прокурордың тапсырмасы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспарға ұсыныстар әзірленген. Оның ішінде кәмелетке толмағандарды интернеттегі деструктивті контенттің зиян әсерінен қорғауға бағытталған жобалар бар.
“Алматы прокуратурасы TELE2/ALTEL байланыс операторымен бірлесіп, "SIM KIDS" пилоттық жобасын іске қосты. Бұл арқылы балалар интернетке қауіпсіз кіре алады. Және ол бақыланады”, – делінген хабарламада.
Қазақстандық ата-аналар енді балаларының Instagram аккаунттарын бақылай алады
Карта автоматты түрде зиян контентті бұғаттайды, ата-аналарға баланың қосымшалардағы белсенділігін бақылауға мүмкіндік береді. Дыбыссыз режимде болса да, баламен байланыста бола алады.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға келді
Ұқсас жаңалықтар
Биыл ең көп турист барған курорттық аймақ белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 14:18






