Жаңалықтар

Алматыда тағы да жер сілкінді

22 ақпанда сағат 00:26-да Алматыда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Сейсмикалық стансалар желісінің дерегінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Алматыда 2 балл жер сілкінісі сезілген. 
Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабырлы болуға және дүрбелеңге түспеуге кеңес береді.