Алматыда тағы да жер сілкінді
Алматыда тағы да жер сілкінді
27 қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 15:03-те жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелген. Мамандар мұның афтершок екенін мәлімдеді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.0. Магнитудасы - 5.5 MPV. Тереңдігі - 5 шақырым. Алматыда 2 балл болып сезілген. Қытай аумағында бұған дейін де бірнеше жер сілкінісі тіркелгенімен, олар елімізде сезілген жоқ.