Жаңалықтар

Алматыда топырақ көшкіні 4 адамды басып қалды

8 ақпан күні түнде Алматының Тау-Самал ауданында топырақ көшкіні жүріп, 4 адам үйінді астында қалған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қазір 160 құтқарушы мен 30 техника оқиға орнын топырақтан тазалап, адамдарды іздеп жатыр.

“Техногенді сипаттағы батпақтанған топырақтың көлемі 3200 текше метр. 2 жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келді. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған”, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланған. Жинау пунктіне орналастырылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, тұрғындар өз еркімен достары мен туыстарына кетті.