Алматыда трамвай қайта іске қосылады
Жоба 5 жылда іске қосылуы мүмкін.
Алматыда өткен SHARE халықаралық архитектуралық форумында қаланың бас сәулетшісі Асхат Сәдуов трамвай желісінің қайта пайда болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Трамвай «Барлық» базарынан басталып, Төле би көшесі бойымен өтіп, әуежай бағытына дейін жалғасады.
Қазір жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып жатыр. Егер қаржыландыру EPC+F форматы бойынша жүзеге асса, трамвай желісі 5 жыл ішінде іске қосу мүмкіндігі қарастырылып отыр.