Жаңалықтар

Алматыдағы хостелде 13 адам қаза тапты: ғимарат кімге тиесілі?

Алматыдағы хостелде 13 адам қаза тапты: ғимарат кімге тиесілі?

Алматыдағы өрт шыққан хостел ғимараты кімге тиесілі екені белгілі болды, - деп хабарлайды Жамбылинфо  Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Бүгін Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде орналасқан Almaty Hostel хостелінде таңғы сағат 5:33-те өрт шықты. "30 шаршы метр аумақ өртке оранды. Хостел 1,5 ай бұрын ашылған, ғимарат Halyk банкке тиесілі, банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген. Бұл хостел Алматы қаласы жоғары оқу орындарымен студенттердің тұруы үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған жоқ. Студенттердің осы хостелде тұруына өтініш түскен жоқ, студенттерді хостелге орналастыру жұмысы жүргізілмеді", - делінген хабарламада. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/95774/