Жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Алматы қаласында 2 баллдық жер дүмпуі болған

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің .хабарлауынша, алматылықтар 2 баллдық жер дүмпуін сезінді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 17 қазан Астана уақытымен 03 сағат 23 мин жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан. Зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат жоқ, - деп атап өтті қалалық ТЖД.