Жаңалықтар

«АлматыЭлектроТранс» басшысы 150 мың доллар пара алып жатқанда ұсталды

«АлматыЭлектроТранс» басшысы 150 мың доллар пара алып жатқанда ұсталды

«АлматыЭлектроТранс» ЖШС бас директоры кәсіпкерлік субъектісінің өкілінен 150 мың доллар көлемінде пара алған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы қаласы бойынша департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«30 қыркүйекте сот оны қамауда ұстау шарасын санкциялады. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды»,- делінген хабарламада. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі 30 қыркүйек күні Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті И-ге екі айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы тағайындалғанын мәлім етті.