Жаңалықтар

Алматылық оқушы ҰБТ-дан 139 балл жинады

The final spritzer

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді

Алматы қаласының түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) 139 балл жинап, ең жоғары нәтижелердің бірін көрсетті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Наурыз айындағы ҰБТ кезеңінде 54 мыңнан астам талапкер тестілеуден өтті. Олардың 67%-ы шекті баллдан жоғары нәтиже көрсетсе, орташа балл 62-ні құрады (барлығы 140 мүмкін балл).

Министрліктің мәліметінше, тестілеуге қатысушылардың 67,4%-ы қазақ тілінде, 32,5%-ы орыс тілінде тапсырған. Ал 84 талапкер ағылшын тілін таңдаған.

Сонымен қатар, 57 талапкердің нәтижесі жойылды. 26 адам емтиханға тыйым салынған заттарды (смартфон, шпаргалка және басқа да гаджеттер) алып кірмек болғаны үшін қайта тапсыру құқығынан айырылды. Ал 31 қатысушы тестілеу кезінде тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды.