Жаңалықтар

Алматылықтар VIP нөмірге 2,6 млрд теңге жұмсаған

Алматылықтар VIP нөмірге 2,6 млрд теңге жұмсаған

Алматыдағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында былтыр 2 697 446 835 теңгеге 7 318 VIP нөмір берілген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы басшылығы мәлімдеді.   Сандар мен әріптердің комбинациясына байланысты VIP-нөмірлердің бағасы былтыр 196 650 теңгеден басталды. Ең қымбаты 2023 жылы 983 250 теңгеге бағаланған. Дереккөз: qaz.ulysmedia.kz