Жаңалықтар

Алматының 450 мыңнан астам тұрғынында несие қарызы бар

Алматының 450 мыңнан астам тұрғынында несие қарызы бар

Алматының 450 мыңнан астам тұрғынында несие бойынша қарызы бар. Бұл туралы «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Сартаеваның мәліметінше, бүгінде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр. «Көктемде Парламент Мәжілісіне аталған заң жобасы енгізілді. Енді күзде бұл заң жобасына қатысты қызу талқылаулар өтеді. Бүгінгі іс-шараның мақсаты – заң жобасы Парламентте қаралғанға дейін азаматтармен кездесіп, олардың қандай уәж, ұсынысы бар екенін тыңдап, оларды жазып алып, депутаттарға жеткізу», - деді Айнұр Сартаева. Спикердің айтуынша, бүгінгі күні Алматы қаласының 1 миллионнан астам тұрғынында несие бар. Оның ішінде 451 мыңнан астам азамат несиені 90 күннен астам уақыт төлемеген. А.Сартаева мәлім еткендей, қазақстандықтар банкроттық бойынша 3 рәсімді қолдана алады.