жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алпамыс Қазыбаев «AULIEATA-MEDIA» холдингі директорының орынбасары болып тағайындалды

Алпамыс Қазыбаев «AULIEATA-MEDIA» холдингі директорының орынбасары болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Алпамыс Қазыбаев «AULIEATA-MEDIA» холдингі директорының орынбасары болып тағайындалды
 width= Белгілі журналист Қазыбаев Алпамыс Шәменұлы «AULIEATA-MEDIA» холдингі директорының орынбасары болып тағайындалды. Қазыбаев Алпамыс Шәменұлы 1979 жылы дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті  «Әлем тілдері» факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі мамандығын алған. ТарМУ магистрі. 2003 жылдан «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалында диктор, редактор, редактор-корреспондент, аға редактор, «Қазақстан» ҰТА Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, Солтүстік Қазақстан облыстық «Қазақстан-Петропавл» телеарнасы директорының орынбасары-Бас редактор, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газеті жауапты хатшысының орынбасары, облыстық «JAMBYL» телеарнасы директорының орынбасары-Бас редактор болып жұмыс істеген. 2018-2019 ж.ж. Жамбыл облыстық «Ақ жол» газеті директоры-Бас редакторының орынбасары, 2019 жылдың 2 тамызынан бастап бүгінге дейін «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары-Бас редактор лауазымында қызмет атқарған.      
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар