ШҚО-да қарлы боранда жедел жәрдем қызметкері зейнеткерді жүк көтергішпен тасыған
Егде жастағы әйелге көмек керек болғандықтан, дәрігерлер оны жүк көтергіштің артқы жағына салып тасымалдаған.
Алтай қаласында қалың қар салдарынан жедел жәрдем көлігі шақырту орнына жете алмай қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алтай қаласында екі күн бойы жауған қалың қар салдарынан жеке сектордағы жолдарда қар қатты жиналып қалған. Бұл жағдай жедел жәрдем көлігіне қиындық туғызып, көмекке мұқтаж егде жастағы әйелге жетуге кедергі болды. Дәрігерлер жолға жаяу шығып, әйелді жүк көтергіштің артқы жағына салып, оны тасымалдауға мәжбүр болған. Осылайша, қарлы ауа райында жағдайды жеңу үшін ерекше әдіс қолданылды.
Бақытжан Бекболат