Жаңалықтар

Алты тілде еркін сөйлейтін сарбаз

Алты тілде еркін сөйлейтін сарбаз

Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында алты тілді еркін меңгерген сарбаз Абзал Жаңабай қызмет етеді, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz.

Абзалдың шетел мәдениетін, халықтардың дәстүрлерін және шет тілдерін үйренуге деген қызығушылығы оқушы кезінде оянған. Сондықтан ол Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіндегі аударма ісіне оқуға түскен. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң әскер қатарына алынады. Әскери қызметші борышын өтеп жүріп-ақ шет тілдерін үйренуге мүмкіндігі бар, бастысы – ниет пен табандылық дейді. Бос уақытында ол кітапханаға барады, әр тілде жазылған әдебиеттер оқиды.

Абзал Жаңабайдың әскери-есептік мамандықты меңгерудегі еңбекқорлығы, білімге және тұрақты дамуға ұмтылуы оның тілдерді қалай үйренуге болатыны туралы беретін кеңестері әріптестеріне қашанда үлгі.