Ұлттық банктің мәліметінше, елдегі алтынның бір грамы 85 504.38 теңгеге жеткен.
Сауда деректеріне сәйкес, алтын мен күміс бағасы тарихтағы ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
29 қаңтардағы жағдай бойынша Нью-Йорктегі Comex биржасында алтынның сәуір айына арналған фьючерсі бір трой унциясы үшін 5 516 доллар болды. Сауда барысында алтын бағасы 5 584,3 долларға дейін көтеріліп, тарихи рекорд орнатты. Ал 28 қаңтарда алғаш рет бір трой унциясы үшін 5,2 мың доллар межесі бұзылған еді.
Күміс бағасы да 4% өсіп, бір унциясы үшін 118,08 долларға жетті. Бұған дейін оның құны 109,32 доллар болған.
Қазақстанда 28 қаңтардағы жағдай бойынша 1 грамм алтынның бағасы 82 164 теңге болды.






