жұма, 20 қыркүйек, 2024 10:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алтынға үміткер Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегін қай күні өткізеді?

Алтынға үміткер Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегін қай күні өткізеді?
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Бокстан ұлттық құрама капитаны 28 шілде күні шаршы алаңға шығады

Париж олимпиадасында Асланбек Шымбергеновке артылып отырған жүк ауыр. Президенттің қолынан Мемлекеттік Ту алған боксшы төрт жылдықтың басты бәсекесінде алтын жүлдеден дәмелі. Тіпті спорт сарапшылары Шымбергеновтің алтын медальге қол жеткізетініне сенімді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Қазақстан боксшыларының Парижде өтетін XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарындағы жарыс кестесі белгілі болды.

Бұл туралы Жамбыл облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Ернар Ибраймов әлеуметтік желідегі өз парақшасында жазды.

Асланбек Шымбергенов 28 шілде күні алғашқы жекпе-жегін (1/16 финал) өткізеді.

Еске салайық, қазақ боксшылары жарысты 27 шілде күні бастайды
Осы күні шаршы алаңға  Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шығады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар