Жаңалықтар

Алуа Балқыбекова бокстан Азия чемпионы атанды

Алуа Балқыбекова бокстан Азия чемпионы атанды

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Алуа Балқыбекова алтын жүлдегер атанды. Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері А.Балқыбекова 11 қараша күні өтетін финалда 48 келіге дейінгі салмақта жапониялық Като Хикарумен жұдырықтасуы керек еді. Соңғы мәліметке қарағанда, жапониялық спортшы жартылай финалда сол қолынан жарақат алған. Сол себепті рингке шықпайтын болды. Амманда бүгін ерлер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтуде. Осыған дейін үш боксшы финалға шықты. Тағы бір қазақстандық, Азия чемпионы Саматәлі Төлтаев 60 келіге дейінгі салмақта иорданиялық Мохаммад Абу Джаджехпен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте төрешілер жеңісті шаршы алаңның иесіне берді – 5:0. Осылайша, С.Төлтаев қола жүлдені қанағат тұтты. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Гүлсая Ержанның Азия чемпионатының финалына жолдама алғанын, Азия чемпионатында бүгін ерлерден 12 қазақстандықтың ½ финалда шығатынын жазған болатынбыз. Сондай-ақ қазақстандық боксшы қыздардың финалдағы қарсыластары анықталды. Боксшы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының финалына шықты. Тағы бір қазақстандық әлем чемпионын ұтып, финалға шықты. Азия чемпионатында 3 боксшы финалға шықты.