сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 23:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Қамқорлық" орталығындағы - қамқорлық

"Қамқорлық" орталығындағы - қамқорлық
ашық дереккөзі
"Қамқорлық" орталығындағы - қамқорлық
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар нысандарды аралады. Тараз қаласындағы «Қамқорлық» инклюзияны қолдау кабинеттері мен оңалту орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды http://Jambylinfo.kz. Өткен жылдың желтоқсан айында Елбасының «Қамқорлық» бастамасы аясында Таразда оңалту орталығы ашылған болатын. Дариға Нұрсұлтанқызы нысанның жұмысымен танысып, ем алушылармен тілдесті. Мұнда нейро-ортопедиялық ауруы бар 80 бала оңалтудан өтеді. Ашылған сәттен бастап Жамбыл облысынан ерекше мүмкіндігі бар 200-ге жуық бала көмек алған. 1500 шаршы метр аумақта орналасқан орталық Елбасы бастамасы аясында ашылған сегіз орталықтың ішіндегі ең ірісі. Орталықтың екі бассейні де бар. Аталған орталық директоры Раиса Қожамжарова кешенді оңалту тұжырымдамасы бойынша көрсетілетін іс-шаралардың түрлері туралы айтып берді. Олардың ішінде дәрігердің кеңесі, механотерапия, емдік дене шынықтыру, минералды сумен емдеу, физиоемдеу және басқа да ем түрлері бар. Басшы тиісті оқытудан өткен білікті мамандар жұмыс істейтінін де атап өтті. Өткен жылы облыстық балалар ауруханасы жанындағы орталықтың 24 маманы біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан өтсе, биыл көшпелі семинарға 32 қызметкер қатысқан. Жыл соңына дейін реабилитология саласындағы өзекті мәселелер бойынша шетелдік менторлардың қызметкерлерін оқыту жоспарлануда екен. Енді орталық жыл сайын 600-ден астам нейро-ортопедиялық, оның ішінде церебралды сал ауруы бар балаларды тегін қабылдайды. Айта кетейік, мұндай орталықтар еліміздің жеті өңірінде, атап айтқанда Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында ашылған. Әрбір инклюзияны қолдау кабинеттері үшін Нұрсұлтан Назарбаев қоры 10 тьютор дайындады. Әр мектеп сертификатталған мамандардың жылдық курациясымен қамтамасыз етілген. Елбасының бұл игі бастамасы жылына 5000 баланы оңалтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ сапар барысында қор басшысы Дариға Назарбаева мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев  бастаған топ №9 орта мектеп пен А.Гайдар атындағы №35 орта мектепте орналасқан инклюзияны қолдау кабинеттерінде де болды. Нұрдаулет АСАН
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар