жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ХХХІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтуде

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ХХХІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтуде
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ХХХІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтуде
Конференцияда баяндама жасаған «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов партияның соңғы екі жылда атқарған қызметтеріне кеңінен тоқталды.  Оның сөзінше, партияның «Өзгерістер жол: Әр азаматқа лайықты өмір» Сайлауалды бағдарламасы аясында 2021-2022 жылдары әр сала бойынша бірқатар әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асқан. Мәселен, облыстағы білім саласында 6 мың орынға арналған 18 мектеп, 5 мың орынға арналған 38 балабақша, 22 денсаулық сақтау нысаны, 9 спорттық нысан, 9 ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар, Тараз қаласында көп балалы аналарды қолдау «Анаға тағзым» орталығы, 80 үйірме жұмыс істейтін «Бақытты болашақ» облыстық Оқушылар сарайы ашылған. Сонымен қатар, 1,3 миллион шаршы метр тұрғын үй соғылып, 3296 пәтер берілді, 62,8 мың адамды қамтитын 30 елдімекенге таза ауыз су жүйесі тартылды, 18,8 мың адамды қамтитын 37 елдімекенге газ тартылды, 18 кәсіпорын іске қосылды. Сондай-ақ, филиал төрағасы «AMANAT» партиясының 2027 жылға дейінгі «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасына да кеңінен тоқталып, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру аясында облыстық Жол картасы қабылданғанын жеткізді. – Қазіргі уақытта Жол картасын іске асыру аясында облыста бірқатар әлеуметтік нысандар іске қосылып та үлгерді. Атап айтар болсақ, Тараз қаласындағы 200 орындық онкологиялық диспансер мен 250 орынға шақталған Байзақ аудандық емханасы, Қордай және Меркі аудандарында 180 орындық мәдениет үйлері ашылып, жұмысын бастады. Бұдан өзге, облыс орталығына жақын орналасқан Жамбыл ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен құны 720 миллион теңге болатын «Almaly resort» этнотуристік демалыс орталығы іске қосылды. Сондай-ақ, Тараз қаласында автобус паркіне қосымша 38 дана жаңа автобустар сатып алынып, автопарктер жаңаруда, – деді Дауыл Ынтықбайұлы.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар