Жаңалықтар

“AMANAT” партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек Жамбыл облысына сапары аясында өңір жастарымен кездесті

“AMANAT” партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек Жамбыл облысына сапары аясында өңір жастарымен кездесті

Партия хатшысымен кездесуге өңірдегі «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенді мүшелері, 8-шақырылымдағы облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың жас депутаттары, блогерлер, белсенді жастар, оқу орынындағы жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары қатысады. Басқосуда жастарды толғандыратын өзекті сұрақтар жан-жақты талқыланатын болады. Сондай-ақ, жастар мәселелерін шешуге бағытталған «AMANAT» партиясының жобалары, жас кәсіпкерлерді бүгінгі жағдайы айтылады. Бастысы, «AMANAT» партиясының алдағы жастармен жүргізілетін жұмыс барысы таныстырылып, талқыланады. Бұдан өзге, облысымыздағы жастар саясатындағы әртүрлі проблемалық мәселелер қозғалып, ұсыныстар назарға алынады.