дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 6:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының отырысы өтті

«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының отырысы өтті
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының отырысы өтті
Жолдауда Президент мемлекет әлеуетін арттыруға негізделген ауқымды жобаларды таныстырып, ондағы негізгі мәселелерге тиянақты тоқталып, түйткілдерді шешудің нақты жолын көрсетті. Өз кезегінде түйінді мәселелердің шешу жолдары «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясында талқыланды. Кезекті басқосуға Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы Абдалы Нұралиев, бірқатар басқарма басшылары мен фракция мүшелері қатысты. Жолдауда мемлекеттің экономикаға ықпалын барынша азайту үшін қажетті шаралар қабылдау керегі айтылды. Негізгі мақсат – кәсіпкерліктің жаңа деңгейге көтерілуіне жағдай жасау. Жаңа экономикалық үлгіге көшу үшін «қолмен көтеру» керек деген Президент орта бизнестің дамуын тежеп тұрған кедергілерді жою қажеттігіне мән берді. Осы орайда, фракция мүшелері бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Сайлауалды бағдарламаның орындалуы – ел сенімін нығайтады. Қазіргі таңда бағдарламада көрсетілген басымдықтарымыздың басым бөлігі орындалса, бірқатары іске асырылуда. Жиындаоблыс әкімдігі денсаулық сақтау басқарамасының басшысы Жанар Оспанова мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықовтың есептері тыңдалды. Басқарма басшылары өңірлік Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының өздері басшылық ететін салалары бойынша есептерін берді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар