Америкалық файтер салмақ өлшеу рәсіміне қазақтың тымағын киіп шықты
UFC лигада өнер көрсететін америкалық файтер Брендан Аллен салмақ өлшеу сәтіне Шавкат Рахмонов сыйлаған қазақи тымақты киіп шықты.
Аллен 2022 жылдан бастап тымақты әр жекпе-жектің алдында салмақ өлшеу рәсімінде қазақтың бас киімін үнемі киіп жүреді. Сол сәттен бері әр жекпе-жек кезінде жеңіске жетіп отырған.
Айта кетейік, Шавкат пен Брендан Kill Cliff клубында бірге жаттығады. 7 сәуірде таңертен америкалық файтер кезекті жекпе-жегін өткізеді. Сондай-ақ оның қарсыласы америкалық-Крис Кертис. Бұған дейін Аллен тымақ киіп, 2021 ші жылы Кертиспен жекпе-жек өткізіп жеңіске жеткен болатын. “Сол себептенде қазақ тымағының бір көмегі тиеді”-, деп Аллен сенімді түрде айтады.
Лаула Сейділда
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті