Жаңалықтар

Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы суицид жасап, көз жұмды

Қаралы хабар жайлы «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Байсемізова желідегі парақшасына жазды

АҚШ-тың Джорджия штатында тұратын отбасы асырап алған қазақ қызы Динара өз-өзіне салды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

«Америкадан жеткен суыт хабар жып-жылы болып тұрған күздің күнін суытып жіберді. Бір сәтте айналамдағы әсем бояулар қарайып, шайылып кетті.

Бұл қалай болғаны, неге, не үшін?!

Сұрақ көп, жауап жоқ…

Неткен өкініш…

Неткен қасірет…

Динара, кешір мені, кеш бізді…

Рухың пейіште шалқысын.

Жап-жарық едің…

Қош бол, Жарық Күн.

P.S. Динараның қазасын туған анасына қалай айтарымды білмей, құлазып отырмын, - деп жазды журналист.

Қостанай өңірінің тумасы марқұм Динараны американдықтар алты жасында асырап алған екен. Ол психология мамандығы бойынша оқыған.