Жаңалықтар

Америкалық отбасы асырап алған жігіт Қазақстанда қалған әке-шешесін іздеп жатыр

Америкалық отбасы асырап алған жігіт Қазақстанда қалған әке-шешесін іздеп жатыр

Америкалық отбасы асырап алған жігіт Қазақстанда қалған әке-шешесіне іздеу салды «Менің бауырымды да Қазақстаннан асырап алған және ол өзінің биологиялық әке-шешесін іздейді. Өкінішке орай оның құжаттарында биологиялық әкесі көрсетілмеген. Бірақ, шыққан тегіне жүргізілген тесттен оның қазақ екенін білеміз. Бауырымның туғанда берілген аты-жөні – Андрей Шаталин. Биологиялық анасының аты-жөні Шаталина Натлья Алексеевна. Ол орыс болуы мүмкін. Шамамен 1973 жылы дүниеге келгенін және оны дүниеге әкелгенде 28 жаста болған. Бауырым 2002 жылдың 13-19 қазаны аралығында дүниеге келген», - деп жазды Facebook-тегі Kazakh American Association парақшасында Елизабет Азиз. Оның атап өтуінше, құжаттарға сәйкес, Андрейдің туған анасының тағы бір баласы болуы мүмкін. «Бауырым Қазақстан, Астана қаласындағы Манас көшесі 8 мекенжайда дүниеге келді. Ол жерде қазір аурухана әлі барма білмеймін. Оны перзентханаға тастап кеткен. Содан кейін Астанадаға мамандандырылған балалар үйіне орналастырған. Қолымызда бар ақпарат осы ғана», - деді ол.