Ана тілі – ұлт байлығы: Таразда әдеби жорға байқауы өтті
- авторjambylinfo.kz
- 21 ақпан, 2025
- 229

Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай «Көрінеді тілден түйсік, білімде біле білсең жарылқаушы – тіліңде» атты әдеби жорға байқауы өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шараға Тараз қаласындағы №2 орта мектептің 7-8 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар «Жас Қыран», «Культура и наследие», «Бірлік», «Языковой мост» командаларына бөлініп, өз ана тілінде топты таныстыру, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын оқу, тілге байланысты сұрақтарға жауап беру және шығармашылық өнер көрсету бойынша сынға түсті.
Қазылар алқасы ана тіліміздің мәртебесін көтеру – әр азаматтың міндеті екенін атап өтіп, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды дәріптеуге шақырды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз