Жаңалықтар

«Анама жақсылық жасап үлгермедім»: Есей Жеңісұлы көзіне жас алып, Елдос Сметовты қолдады (ВИДЕО)

Комментатордың анасы дүние салған

Белгілі спорт комментаторы  Есей Жеңісұлы bol.kz подкаст алаңында марқұм анасын еске алып, әлеуметтік желіде сынның астында қалған Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке қолдау білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Спорт сарапшысы анасына құрмет көрсетіп, қасына ертіп  жүрген Елдос Сметовтің бұл ісін азаматтық деп бағалап, ризашылығын білдірді. 

«Жігіттер, шешемді айтсам көңілім босайды.  Мен анама жақсылық жасап үлгермей қалған адаммын. 4 балам болды. Әкесіз өстім, әкем ертеректе қайтыс болды. Шешем мені бәріне жеткізді. Мен ол кісіге жақсылық жасап үлгермей қалған адаммын. Осыны түсініңдерші жігіттер, Елдостың шешесін қасына еріп жүруі - ерлік. Елдос, сен азаматсың", -деді ол көзіне жас алып. 

Еске салайық, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов көпшілік алдында анасын қасына ертіп жүргені үшін желіде сыналған. Сын айтушыларға спортшы өз жауабын берген болатын.