Жаңалықтар
"Анасын "жерлеу" үшін ақша сұраған". 37 жастағы ер адам тұрғындарды бірнеше рет алдаған
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2023
- 270
"Анасын "жерлеу" үшін ақша сұраған". 37 жастағы ер адам тұрғындарды бірнеше рет алдаған
Жетісу облысында бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Polisia.kz-ге сілтеме жасап.
Полицейлер Үштөбе қаласының тұрғындарын бірнеше рет алаяқтық жолмен алдаған 37 жастағы күдікті ер адамды ұстады. Әзірге ұсталған азамат келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асатын үш алаяқтық ісіне қатысы бар деген күдікке ілінді.
"Ұсталған азамат көршілес Алматы облысының тұрғыны, ол Үштөбеде жұмыс істеген. Бір оқиғада ер адам жұмыс берушіден тірі анасын жерлеуге деп қаражат сұраған. Бір досынан соғымға деп жылқы алған, оны да төлемеген. Үшінші біреуден қолма-қол ақшаны емделу үшін қарызға алған. Қазір күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр",– деді Қаратал АПБ бастығының орынбасары Арман Сұлтанұлы.
Аудандық соттың санкциясымен күдікті ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіліп жатыр.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/97241/
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз