дүйсенбі, 7 қазан, 2024 4:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қанат Ислам Америкадағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

Қанат Ислам Америкадағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді
ашық дереккөзі
Қанат Ислам Америкадағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді
«Қазақ» лақап атымен танымал қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-1, 22 КО) Америка Құрама Штаттарында өтетін кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Аргентина боксшысы Хавьер Франсиско Масьельмен (34-17, 23 КО) жұдырық түйістіру алдында қазақстандық боксшы орта салмақ дәрежесінде қалды. Жекпе-жек АҚШ уақытымен 7 қазанда (Астана уақытымен 8 қазан – авт.) Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) өтеді. Айта кетсек, Қанат Исламның осы аталған жекпе-жегі алдында қарсыласы ауысып кеткен болатын. Қ.Ислам соңғы жекпе-жегін британдық боксшы Джимми Келлиге (26-3, 10 КО) қарсы өткізіп, төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңіліп қалған еді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар